top of page

25-летию Независимости - творчество юных!

Тәуелсіздік толғауы

 

Тәуелсіздік – шуағы келіп жеткен

Армандаған ,сан ғасыр бабаларым,

Сара жолдың ізімен ,салып кеткен

Керейменен Жәнібек даналарым.

 

Тәуелсіздік – алауы қазағымның,

Қайта туған, бақыты азат  күннің.

Ахмет ,Мағжан ,Ілияс армандаған,

Жер жаһанға жаятын алаш үнін.

 

Тәуелсіздік –  ырысы берекемнің

Таныды әлем ,елімнің кең екенін.

Елі үшін , бәйгеге басын тіккен

Тәуелсіздік арманы еді   ,Хан Кененің

 

Өз елім,өз жерім – байтақ далам

Көркіне көз жоқ шығар, тамсанбаған

Тәуелсіздік - қан мен тері  ұл-қыздардың,

Кешегі Желтоқсанда ұлт үшін арланбаған.

 

Айдарбекова Айдана 9 «Б»

Тәуелсіздігім – байлығым!

 

Тәуелсіз елім тірегім!

Өзіңде ойнап,күлемін!

Аман бол,елім өркенде!

Сені ойлап соғар жүрегім!

 

25 жыл – құтты болсын мерекең!

Жасай бер елім ,жасай бер жерім құт мекен!

Тимесін сөзім,тимесін көзім –Тәуелсіздігім,

Елімнің мынау ,маңдайына біткен бақ па екен?!

 

Мәңгі елім – сені ғана  сүйемін

Саған ғана бұрып тұрар жүрегім,

Бақытты елдің ұланымын өйткені,

Тәуелсіздігімді «байлығым»- деп білемін.

 

Бауыржанова Томирис 7 «Б»

Тәуелсіз елім – жасай бер!

 

Қуанып жатыр ,қаласыменен даласы,

Қуанып жатыр қарттарыменен баласы.

Қуанып жатыр , дүібірлі тойды бүгінде,

Тойлатып жатыр , Алтай мен Атырау арасы

 

Тойламай қайтсін,Тәуелсіздігім қымбат қой,

25 жыл -қажырлы еңбек,салмақты ой

Тойламай қайтсін ,  Тәуелсіздік  тарихым,

Жетпіс жыл жүріп  ,  босаған  елім  азат қой

 

25 жасың құт болсын Тәуелсіздігім!

Алаңсыз сенде, аламыз білім біз бүгін.

Тәуелсіз елім  жасай бер мәңгі, болсыншы  аман Елбасым!

Тәуелсіз  елдің , ұстаған ұлы  тізгінін.

 

Жашенова Жансая 5 «Б»

 

 

bottom of page